Алматыда цифрлық қаржылық активтер нарығы қатысушыларының дөңгелек үстелі өтті
2026 жылдың 15 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының цифрлық қаржылық активтер нарығы қатысушыларының жабық дөңгелек үстелі – Kazakhstan Fintech Network тарапынан ұйымдастырылған Digital Financial Assets Roundtable өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Fintech Center.
Дөңгелек үстел жұмысына нарықтың негізгі сегменттерін ұсынатын компаниялардың басшылары: цифрлық активтер қызметінің операторлары мен провайдерлері, стейблкоин эмитенттері, кастодиандар, төлем ұйымдары, биржалық және депозитарлық инфрақұрылым ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер қатысты.
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеушілік құмсалғышына (песочницасына) қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша Fintech Center дайындаған «Қазақстандағы цифрлық қаржы активтері» баяндамасының тұсаукесері ашты. Сондай-ақ Қазақстандағы ЦҚА нарығы қатысушыларының мәселелері туралы баяндама ұсынылды.
Одан әрі пікірталас үш бағытқа: жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтағы кооперацияның рөліне, клиенттік базаны және салаға деген сенімді қалыптастыруға, сондай-ақ нарық пен реттеуші арасында серіктестік диалог орнатуға арналды. Қатысушылар қаржы жүйесімен өзара іс-қимыл, салалық стандарттарды дамыту, құқықтық айқындық және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар олар инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту перспективаларын қарастырды.
«Қазақстандағы цифрлық қаржы активтері нарығы қалыптасу кезеңінде тұр және оны дамытудың көптеген міндеттерін қатысушылар тек бірлесіп шеше алады. Дөңгелек үстел нарықта негізгі мәселелер бойынша ортақ түсініктің және шешімдерді бірлесіп әзірлеуге дайындықтың бар екенін көрсетті», — Fintech Center бас атқарушы директоры (CEO) Диас Саветканов деп атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмысты тұрақты форматта жалғастыруға уағдаласты.


